«Рузаевка» - № 8 БЖМОРСМ ойыны өтпейді

«Рузаевка» - № 8 БЖМОРСМ ойыны өтпейді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы Екінші лига командалары арасындағы Біріншіліктің 18-турының «Рузаевка» - № 8 БЖМОРСМ ойынының өтпейтіні туралы хабарлады.

- Екінші лига командалары арасындағы Біріншілікті өткізу Регламентінің бұзылуына байланысты, атап айтқанда, аталмыш ойында «Рузаевка» футбол клубының ҚКФЛ тіркеген ресми өкілдердің, бапкерлердің және команда дәрігерінің болмауына байланысты «Рузаевка» - № 8 БЖМОРСМ ойынын өткізбеуге шешім қабылданды.

«Рузаевка» футбол клубының тарапынан Регламентті жүйелі түрде бұзуына байланысты клубтың Біріншілікке одан әрі қатысуы туралы мәселені қарау мақсатымен барлық ақпарат ҚФФ Бақылау-тәртіптік комитетіне жіберіледі, делінген мәлімдемеде.

Түпнұсқасы: pflk.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер