«Тұран» бас бапкері «Атырау» командасымен болған матч туралы пікір білдірді

«Тұран» бас бапкері «Атырау» командасымен болған матч туралы пікір білдірді

«Тұран» футбол клубының бас бапкері Абдухалық Бөрібаев Қазақстан чемпионатының ХХ туры аясында өткен «Атырауға» (2:2) қарсы матч жайлы пікірін айтты.

- «Атырауға» қарсы ойын туралы пікіріңіз. Команда матчқа қойылған жоспарды орындай алды ма?

- «Атырауға» қарсы матчта футболшыларымыз жақсы ойнады. Команда матчқа қойған жоспарды толық орындамаса да, 70-80%-ке орындады дей аламын. Өкінішке қарай, стандартты жағдайларда гол жіберіп алдық. Оған біз дайындалған едік, дегенмен екі стандартты жағдайдан екі гол жібердік.

- Бұл матчта Самир Фазли «Тұран» сапында алғаш рет алаңға шықты. Оның ойынын қалай бағалайсыз?

- Ойынына баға беретін болсақ, жақсы ойнады. Футболшы ретінде деңгейінің жоғары екенін көрсетті. Оны жанкүйерлер де, біз де көрдік. Ойынына ризамыз. Алғашқы матчында гол соқты. Командамен жақсы байланыста болды.

- Ұлттық құрамалардың ойынына байланысты болған үзілісті команда қалай пайдалана алды?

- Үзілісте жоспар бойынша жұмыс істедік. Өкінішке қарай, жарақат алған футболшыларымыздың бәрі айығып үлгермеді. Темірлан Амиров сары қағазының көптігіне байланысты бармады. Ол бізге жақсы көмектесетін еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или