Грек-рим күресі

Алмат Кебіспаев: Әлем чемпионатында жүлделі орыннан көріну үшін барымызды саламыз

Алмат Кебіспаев: Әлем чемпионатында жүлделі орыннан көріну үшін барымызды саламыз
news-banner7
mobile-news-top

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына қызу дайындалуда. Команда көшбасшысы Алмат Кебіспаев Olympic.kz сайтына дайындық барысымен бөлісіп, маңызды дода алдындағы жоспарын айтты.

"Әлем чемпионатына дайындық бірқалыпты. Бүгінде Алматыдағы оқу-жаттығу жиынымыз мәресіне жетіп қалды. Бұл жаттығу жиынында біз физикалық және функционалдық тұрғыдан жаттығулар жасадық, осы бағытта шеберліктерімізді шыңдадық. Күніне үш мезгіл жаттығу жасап жүрдік. Аздаған үзілістен кейін 23 қыркүйекте кезекті жаттығу жиынына кірісеміз. Ол кезде жаттығу бағдарламасы басқаша, жарыс жақындағандықтан күніне бір мезгілдік, аса ауыртпашылығы жоқ жаттығуларға көңіл бөлеміз.

Әлем чемпионатына негізгі жаттығудың барлығы осы жерде істелінді. Енді жарысқа жақсы көңіл күймен барсақ, сол ғана жеткілікті. Жүлделі орыннан көрініп, ел намысын абыроймен қорғауға бар күшімізді саламыз", - дейді балуан Алмат Кебіспаев.

Айта кетерлігі, 2-10 қазан күндері Норвегияның Осло қаласында күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді. Грек-рим күресі бойынша Қазақстан сапынан дүниежүзілік біріншілікке он балуан қатысады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер