Бокс

Василий Жиров 18 жыл бұрын жеңілген қарсыласымен реванш өткізбек

Василий Жиров 18 жыл бұрын жеңілген қарсыласымен реванш өткізбек
news-banner7
mobile-news-top

1996 жылғы Олимпиада чемпионы, бірінші ауыр салмақта IBF тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Василий Жиров «СЭ» басылымына берген сұхбатында америкалық Джеймс Тонимен реванш өткізгісі келетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Шоу түріндегі жекпе-жек өткіземіз шығар - екі шал рингке шығып, төбелеседі. Осындай жекпе-жек өткізуді ойлап жүрміз. Тониге «жекпе-жек өткізейік» дедім. Ол болса... Бірде келіседі, бірде келіспейді. Әлі қорқып жүрген шығар», - деді Жиров.

Жиров пен Тони жекпе-жегі 2003 жылы 26 сәуірде өткен. Тони төрешілер шешімімен жеңіп, қазақстандық боксшыда болған IBF титулын иеленген еді. Кейін Жиров жеңілісін мойындамаған еді. Ал The Ring журналы сол кездесуді 2003 жылдың үздік жекпе-жегі деп таныған еді.

Жиров 2009 жылдан бері рингке шыққан жоқ, қазір жасы - 47-де.

Қазір Джеймс Тони 53 жаста, бірақ ол кәсіпқой бокстан әлі кетпеді. 23 қазанда ол 49 жастағы Джереми Уильямспен жұдырықтасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер