Анна Данилина маусымдағы жетінші жүлдесіне қол жеткізді

Анна Данилина осы маусымдағы кезекті жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық теннисші украиналық Валерия Страховамен бірге Францияда өткен ITF W 25 турнирінің чемпионы атанды.
Финалда Данилина мен Страхова француз спортшылары Одри Альби мен Лиолей Жанжанды 6:7, 6:2, 10:4 есебімен ұтты.
Осылайша, Данилина маусымдағы жетінші мәрте жұптық сында топ жарды. Мансабындағы ең үздік көрсеткішіне қол жеткізді.
Сонымен қатар, жерлесіміз жекелей сында да жарысты жалғастыруда. Данилина финал жолдамасы үшін сынға түседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или