Басқа

Су добынан Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатын 14-ші орынмен аяқтады

Су добынан Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатын 14-ші орынмен аяқтады
news-banner7
mobile-news-top

27 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Прагада су добынан жастар арасындағы 21-ші әлем чемпионаты өтті деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан командасы Грекия, Черногория және Оңтүстік Африка Республикасымен бірге D тобында сынға түскен болатын.

Қазақстандықтар топтағы үш ойында да жеңілске ұшырады. Біздің команда Грекиядан 2:26, ОАР-дан 8-10, Черногориядан 2:13 есебімен ұтылған.

Ұпай саны бойынша команда топтағы төртінші орынды иеленіп, 13-18 орынға таласу мүмкіндігін алды. Қазақстандықтар алдымен Өзбекстанды 19:8, Египетті 7:5 есебімен ұтып, 13-ші орын үшін өткен атчта 10:11 есебімен Аргентинаға жол берді.

Қорытындысы нәтиже – 14-ші орын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер