Бокс

«Бұл жылды ұмыту керек». Шетелдік сайт Абылайхан Жүсіповтің Олимпиададағы сәтсіздігін жазды

«Бұл жылды ұмыту керек». Шетелдік сайт Абылайхан Жүсіповтің Олимпиададағы сәтсіздігін жазды
news-banner7
mobile-news-top

Ұлыбританиялық шолушы Тэйлор О’Хиггинс Thefight-site.com порталындағы материалында Токио Олимпиадасында сенімді ақтамаған боксшыларды атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл тізімде әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегері, Токиода 69 келіде сынға түскен Абылайхан Жүсіповтің де есімі аталды.

«Жастар арасындағы бұрынғы әлем чемпионы Жүсіпов жартылай орта салмақта жүлдеге үміткерлер қатарында болған, бірақ Токиода оның жарыс жолын 1/8 финалда Деланте Джонсон тоқтатты. Қазақстандық боксшы корпустың жоғары тұсында қозғалмай, қарымта соққыларға төтеп бере алмағаны үшін жеңілді. Жүсіпов тек 69 келіге дейінгі дәреженің мықтыларынан жеңілетін, Джонсон да мығым боксшы болғанымен, бұл деңгейде емес. Сондықтан бұл нәтижені күтпедік. 24 жастағы Жүсіповке бұл жылды ұмыту керек», - деп жазды журналист.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер