Басқа

Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы өтіп жатыр

Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы өтіп жатыр

20 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) ұйымдастыруымен Chess.com ойын платформасында онлайн форматта дүниежүзілік шахмат олимпиадасы өтіп жатыр.

Бұл ФИДЕ-ге мүше елдер үшін маңызды жарыс. Жарыс екі кезеңнен (дивизион және плей-офф) тұрады. Жалпы олимпиадада 163 ұлттық құрама сапында 1500-ден астам үздік шахматшы бақ сынап жатыр. Әр құрамада капитаннан бөлек, негізгі құрамның алты ойыншысы, одан бөлек қосалқы құрамның алты ойыншысы болады.

Қазақстан құрамасы әлем рейтингіндегі жоғары көрсеткішінің арқасында ТОП дивизонға түсті. Бұл қатарда Үндістан, Қытай, Ресей, Украина, АҚШ құрамасы бар. Қазақстандық шахматшылар олимпиаданы 8 қыркүйекте бастайды.

ТОП дивизиондағы 40 құрама 4 топқа бөлініп, бір-бірімен ойнап шығады. Әр топтағы үздік үштік плей-офқа тікелей жолдама алады. Австралия, Армения, Грекия, Грузия, Индонезия, Иран, Қытай, Моңғолия мен Румыния біздің ұлттық құраманың қарсыласы болады.

Құраманың негізгі құрамы:

1. Ринат Жұмабаев (халықаралық гроссмейстер)

2. Денис Махнев (халықаралық гроссмейстер)

3. Жансая Әбдімәлік (халықаралық гроссмейстер)

4. Динара Сәдуақасова (әйелдер халықаралық гроссмейстері)

20 жасқа дейінгі ерлер арасында – Рамазан Жалмаханов (халықаралық шебер)

20 жасқа дейінгі қыздар арасында – Бибісара Асаубаева (әйелдер халықаралық гроссмейстері)

Қосалқы құрам ойыншылары:

1. Рустам Хуснутдинов (халықаралық гроссмейстер)

2. Мұртас Қажығалиев (халықаралық гроссмейстер)

3. Гүлісхан Нахбаева (әйелдер халықаралық гроссмейстері)

4. Гүлмира Дәулетова (Халықаралық әйелдер гроссмейстері)

20 жасқа дейінгі ерлер арасында – Қазыбек Нөгербек (ФИДЕ шебері)

20 жасқа дейінгі қыздар арасында – Меруерт Камалиденова (Халықаралық әйелдер шебері)

Команда капитаны – халықаралық гроссмейстер Павел Коцур.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0