Футзал

«Qazsport» әлем чемпионатын көрсетеді

«Qazsport» әлем чемпионатын көрсетеді
news-banner7
mobile-news-top

12 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Литвада футзалдан Әлем чемпионатының финалдық кезеңінің ойындары өтеді.

Турнирге 6 топ бойынша барлығы 24 команда қатысады. Қазақстан құрамасы А тобында Литва, Коста-Рика, Венесуэла командаларымен ойнайды.

Плей-офф кезеңіне әр топтан алғашқы екі орын алған құрамалар мен 3-орын иелегендер арасынан 4 үздік команда шығады.

Топтық кезең 12-20 қыркүйек аралығында өтеді. Плей-офф 1/8 финалдың матчтарымен 22-24 қыркүйекте басталады. Ширек финалдар 26-27 қыркүйекте, жартылайфиналдық ойындар 29-30 қыркүйек күндері өтеді. Финал мен үшінші орын үшін матч 3-қазанға жоспарланған.

«Qazsport» телеарнасы Қазақстан құрамасының барлық ойындары мен Әлем чемпионатының өзге де командалары арасындағы кездесулерді тікелей эфирде көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер