Нұр-Сұлтанда Жақсылық Үшкемпіров ескерткіші ашылды
Нұр-Сұлтанда белгілі балуан, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров ескерткіші ашылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Ескерткіш спортшы құрметіне аталған жекпе-жек сарайы аумағында Қабанбай батыр даңғылы мен Керей, Жәнібек хандар көшелерінің қиылысында орналасқан.
Сурет: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов
Ашылу салтанатына мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қатысты. Сонымен қатар, шара қонақтарының арасынан боксшы, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов те болды.
Сурет: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов
Жекпе-жек сарайы 2019 жылдың 6 шілдесінде ашылған. Бес мың көрерменге арналған спорт ғимаратында бокс, күрес, дзюдо, ауыр атлетика және басқа да олимпиадалық, сондай-ақ Олимпиадаға кірмейтін спорт түрлері бойынша халықаралық жарыстар өткізуге болады. 2020 жылдың желтоқсанында оған Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілген.
Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров (шын есімі Жақсылық Үшкемпірұлы Әмірәлиев) 1951 жылы 6 мамырда Дихан ауылы Свердловск ауданы Жамбыл облысында дүниеге келген.
Ол грек-рим күресінің палуаны, спорт шебері (1971), Халықаралық спорт шебері (1975), Еңбек сіңірген спорт шебері (1980), алтын медальге иеленген қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы (Мәскеу, 1980), Әлем чемпионы (1981), әлем кубогының күміс жүлдегері (1982), екі дүркін Кеңес Одағының чемпионы (1975, 1980), Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
Айта кетейк, Жақсылық Үшкемпіров 2020 жылы 2 тамызда 70 жасында<span> </span>қайтыс болған<span> </span>еді.