«Мықты қарсыластар сұраймыз». Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады

Кәсіпқой рингте жеңіліп көрмеген боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) мен оның командасы келесі кездесуге дайындықты бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Құрметті жанкүйерлер! Кездесу қарашаға жоспарланған. Алдағы маңызды екі ай дайындық күтіп тұр! Біз чемпиондарды жекпе-жекке шақырамыз, промоутер мен менеджерлерден мықты қарсыластар сұраймыз. Күтеміз», – делінген 28 жастағы боксшының Инстаграмдағы жазбасында.
Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы кейінгі жекпе-жегін биыл 26 маусымда Лас-Вегаста өткізіп, америкалық Роб Брантты (26-3, 18 КО) техникалық нокаутпен жеңген болатын.
Фото instagram.com/janibek_qazaqstyle
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или