Велоспорт

Қазақстандықтар тректегі велоспорттан Гран-при турнирін жеңіспен аяқтады

Қазақстандықтар тректегі велоспорттан Гран-при турнирін жеңіспен аяқтады
news-banner7
mobile-news-top

Тректегі велоспорттан Ресейдің Омбы қаласында өткен Гран-при турнирінде қазақстандық спортшылар жеңіс тұғырынан көрінді.

Әйелдер арасындағы сында Рината Сұлтанова көзге түсті. Ол топтық жарыста мәреге бірінші келіп, алтын жүлдегер атанды. Ал ерлер арасындағы топтық сында Әлішер Жұмақанға тең келер ешкім болмады. Ол ресейлік қарсыластарын басып озып, жеңіске жетті.

Сондай-ақ, спринттен ерлер арасында өткен жекелей сында екі бірдей қазақстандық спортшылар жүлдегерлер қатарына көріді. Сергей Пономарев бірінші орын иеленсе, Андрей Чугай жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.

Бұған дейін Рената Сұлтанова «скретчтен» екінші орын, Артем Захаров «омниумнан» бірінші орын, сондай-ақ, Александр Сафаров, Дмитрий Резанов, Сергей Пономарев пен Андрей Чугай командалық спринттен алтын медаль жеңіп алған болатын.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер