ТБК шешімімен «Оқжетпес» футбол клубынан 6 ұпай шегерілді

Күшіне енген заң органдарының шешімдерін қайталап орындамағаны үшін Қазақстан футбол федерациясының Тәртіптік-бақылау комитетінің шешімімен «Оқжетпес» футбол клубынан 6 ұпай шегерілді.
Көкшелік клуб бұрынғы бірнеше футболшысына қарызын дер кезінде қайтармаған. Клуб <span>Milan Stojanovic, Бондаренко Тарас, Zoric Darko, Кусяпов Талгат, Сапаров Алтынбек, Дмитриев Артем және Чертов Даниил алдындағы қарызын 2021 жылдың 30 қыркүйегіне дейін төлеуге тиіс. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или