Хоккей

«Барыстың» маусымдағы алғашқы матчына жанкүйер кіре алады

«Барыстың» маусымдағы алғашқы матчына жанкүйер кіре алады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Ведомствоаралық комиссияның шешімімен ASHYQ қосымшасының көмегімен «Барыстың» матчтарына аренаның 30 пайызын көрермендермен толтыруға болады, деп хабарлайды Prosports.kz клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Матчтарға «жасыл» мәртебесі бар адамдар ғана жіберіледі. Бұл санға вакцинацияланған адамдар, ағымдағы күні ПТР тесті тапсырған (матч басталғанға дейін 72 сағаттан кешіктірмей), сондай-ақ соңғы үш ай ішінде коронавируспен ауырғандар кіреді.

Қауіпсіздік қызметі респираторлық инфекциялар (жөтел, мұрыннан су, дене қызуы 37 градустан жоғары) белгілері бар адамдардың аренаға кіруіне жол бермеуге құқылы.

«Барыс» матчтарына билеттер сатылымының басталуы 1 қыркүйекте таңғы 11-ге жоспарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер