Әлем футболы

«Манчестер Юнайтед» Роналдумен келісімшартқа қол қойды

«Манчестер Юнайтед» Роналдумен келісімшартқа қол қойды
news-banner7
mobile-news-top

Португалиялық атақты футболшы Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтедпен» келісімшартқа қол қойды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы англиялық клуб ресми мәлімдеді.

Роналдудың манчестерлік клубқа ауысатыны 27 тамызда белгілі болған. Бүгін клуб ойыншымен келісімшартқа қол қойды.

«Манчестер Юнайтед» 36 жастағы футболшы үшін «Ювентуске» 15 млн еуро төледі, бұған 8 млн қосымша төлемдер қосылады. Келісімшарт 2+1 жыл жүйесінде жасалды.

Айта кетейік, Роналду МЮ сапында 2003-2009 жылдар аралығында өнер көрсеткен. Ол кезде 292 ойынға қатысып, 118 гол соқты және 69 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер