Еркін күрес

Нұрислам Санаев: Кумарды әдейі тістеген жоқпын

Нұрислам Санаев: Кумарды әдейі тістеген жоқпын
news-banner7
mobile-news-top

Еркін күрестен Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Нұрислам Санаев жартылай финалдық белдесуде үндістандық Рави Кумарды не үшін тістеп алғанын айтты.

«Кумарды әдейі тістеген жоқпын. Мүмкін, жеңіліп жатқанда қалайда ұтамын деген оймен автоматты түрде жасалған шығар. Дәл сол кезде тістегенімді сезген де жоқпын.

Тек кілемнен түскен соң ойландым. Суреттерді көрдім. Дереу қарсыласымнан кешірім сұрадым. Әрине, күрес ережесінде қарсыласты тістеуге болмайды. Менікі ағаттық.

Кілемдегі қызумен үнділік балуанды қалай тістеп алғанымды да білмей қалдым», - дейді ол.

Токио Олимпиадасында Нұрислам Санаев 57 келіде сынға түсіп, жартылай финалда Рави Кумардан жеңілді. Қола медаль үшін өткен белдесуде болгариялық қарсыласынан басым түсті.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер