Дзюдо

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Елдос Сметов паралимпиадашыларға сәттілік тіледі

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Елдос Сметов паралимпиадашыларға сәттілік тіледі
news-banner7
mobile-news-top

Токиода жазғы Паралимпиада ойындары басталады. Қазақстандық олимпиадашылар Ұлттық паралимпиада командасын қолдап, сәттілік тілеп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Дзюдодан Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Елдос Сметов отандық спортшыларды қолдауға шақырды.

"Бүгін Паралимпиада ойындары басталып жатыр. Ел намысын қорғайтын паралимпиадашыларға сәттілік тілеймін! Қазақстан құрамасына жанкүйер болайық!", - дейді дзюдошы.

Айта кетерлігі, Паралимпиада ойындары 5 қыркүйекке дейін жалғасады.

Қазақстан сапынан 25 спортшы сынға түседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер