Зілтемірші Денис Ұланов сыйақысын сұрайды

Зілтемірші Денис Ұланов сыйақысын сұрайды

Отандық ауыр атлет Денис Ұланов бес жылдан бері сыйақысына қолы жете алмай келеді. Зілтеміршіге 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарында 4-ші орын бұйырған. Алайда румыниялық спортшы допингпен ұсталғаннан кейін, Ұланов қола жүлдегер атанды. Соған сәйкес бүкіл марапатқа ие болуы керек еді. Бірақ өзіне берілуі тиіс 45 мың долларын даулаған спортшы сенделтіп қойған үкіметтегілерге қапалы. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

2016 жылы Рио -де- Жанейро олимпиадасында зілтемірші Денис Ұланов төртінші орынды иеленген болатын. Ал, өзімен бірдей өнер көрсеткен румыниялық Габриель Синкарян салмақ жағынан алдын орап, қоланы қанжығасына байлаған еді. Артынша қанынан допинг анықталған оның барлық жүлдесі кері қайтарылған. Сөйтіп 2018 жылы Ашхабадта өткен әлем чемпионатында ресми түрде 3-ші орын Дениске табысталды. Осылайша бастапқыда 30 мың доллар сыйақы алдым деген спортшы, қола үшін төленетін тағы 45 мың долларды талап етуде.

Денис Ұланов, ауыр атлет:

- 2 жылдан соң маған 3-ші орын берілді. Сөйтіп Ашхабадтағы әлем чемпионатында марапаттап, медаль тақты. Қола үшін 75 мың доллар тағайындалғанын естідім. Яғни үстіндегі қалған 45 мың доллар төленуі тиіс екен. Қаншама уақыт өтті. Барлығы 2020 жылы заңға өзгертулер енгізілгенін айтып,  бастарын алып қашуда.

Қанша жыл өтсе де, үстіндегі төлемақыны төлеуге мемлекет құлық танытар емес деген зілтемірші, соңына дейін барамын деп отыр. Өйткені шешім әлемдік деңгейде қабылданған. Қазір әділдікті талап еткен ол уақытша спорттан қол үзіп, заңгерлермен жұмыс істеп жатыр.

Данияр Киманов, адвокат:

- Мәдениет және спорт министрлігіне сауал жолдадық. Алайда, Дениске үстіндегі төлем қарастырылмаған деген жауап алдық. Біз онымен келіспейміз. Өйткені нормативті -құқықтық актіге сәйкес төлемақы берілуі тиіс. Сондай-ақ, ауыр атлетика федерациясына өтініш жібердік. Спорт және мәдениет министрлігіне қажетті барлық құжаттарды солар жіберулері керек.

Екі жіл бұрын "Дене шынықтыру және спорт туралы" заңға өзгертулер енгізілгеніне орай, бұған дейінгі жетістіктерге төленуі тиіс ақшалай марапаттардан қағылатынын айтуда шенеуніктер. Ал  зілтеміршінің мәселесін алдағы уақытта халықаралық комиссияның қарауына тапсырмақ.

Серік Сәпиев, Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы:

- 2019 жылдың желтоқсанында спорт және дене шынықтыру туралы Қазақстан Республикасының заңына өзгерулер мен толықтырулар енгізілді. Яғни чемпиондар мен түрлі әлемдік додалардың жүлдегерлері мен жаттықтырушыларына бөлінетін сыйақы қайта қозғалған болатын. Ал, ауыр атлетшіге қола 2018 жылы тапсырылды. Сол себепті заң қабылданғанға дейінгі дүниелер қарастырылмайды. Бірақ Денис Ұлановтың мәселесіне қатысты тағы да барлығы егжей-тегжейлі қаралатын болады. Яғни халықаралық комиссия қайта қарайды.

Спортшы енді шенеуніктердің шешімін күтуі тиіс. Сондай-ақ, соңғы уақыттары денсаулығы сыр берген ауыр атлет сыйақы бұйырса,  ақшаны денсаулығын қалпына келтіруге жұмсамақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или