Еркін күрес

Әсет Серікбаев: Әлішерді төрешілер аяқтан шалды

Әсет Серікбаев: Әлішерді төрешілер аяқтан шалды
news-banner7
mobile-news-top

Еркін күрестен Қазақстан командасының бас бапкері Әсет Серікбаев балуандардың Токио ойындарындағы көрсеткішін талқылады.

- Дәулет Ниязбековтің жолын байлаған жарақаты. Естеріңізде болса, биылғы Азия чемпионаты қарсаңында Дәулет мойнын ауыртып алып, біріншіліктен сырт қалған болатын. Бірақ Олимпиада басталғанша оның жарақатын емдеп, жарысқа нағыз бабында алып келдік. Жарыстың бірінші күнінде ол еш жерін ауырсынған жоқ. Ал екінші күні, Сенегал балуанымен жұбаныш белдесуіне шыққанда қайтадан жарақаты мазалады. Қола медаль үшін күресте ұтылуының себебі осы.

Әлішер Ерғалиге үлкен әділетсіздік жасалғанын көрдіңіздер. Жеңіп тұрған баланың бағын байлады. Әйтпесе, оның да жүлдеге таласатын мүмкіндігі мол еді.

Негізі, жігіттерді Токио Олимпиадасына нағыз бабында алып бардық. Баппен қатар, бақ та керек. Кей жерде сәл ғана бақ жетпей қалған шығар. Енді аздаған үзіліс алып, қайтадан дайындықты жалғастырамыз, - деді бас бапкер.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер