Дзюдо

«Елдосқа еш реніш жоқ». Бас бапкер Сметовтің қола медалін алтынға пара-пар деп атады

«Елдосқа еш реніш жоқ». Бас бапкер Сметовтің қола медалін алтынға пара-пар деп атады
news-banner7
mobile-news-top

Дзюдодан Қазақстан командасының бас бапкері Ғалымжан Жылгелдиев Елдос Сметовтің Токиодағы жетістігіне баға берді. Бапкердің айтуынша, Сметовтің қола жүлдесі алтын медальға бергісіз, деп жазады Olympic.kz.

«Елдостың қола медалі мен үшін, команда үшін алтынмен бірдей. Дегенмен, Елдостың алтын аламын деген мақсаты бар еді. Токиоға Жақсылық Үшкемпіров атасының арманын орындаймын деп аттанған болатын. Оған ешқандай реніш жоқ.

Ол қолынан келгеннің бәрін жасады. Әрине, жапониялық Наохиса Такато әлемдегі ең мықты спортшының бірі. Елдос үшін ыңғайссыз қарсылас. Сол сияқты Елдос та Такатоға ең қиын қарсылас болып отыр. Оны өзі де Олимпиадаға дейін бір сұхбатында айтқан.

Екеуінің кездесуін көпшілік күтті. Тартысты белдесу Токио татамиінде өтті. Қандай әдемі күрес болды. Залдағы бүкіл адамдар орнынан тұрып, қос балуанға құрмет көрсетті. Жарыс аяқталғаннан кейін Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер де Елдосты құттықтап, әдем күрескені үшін алғысын айтты.

Өз басым Елдосқа ризамын. Қолынан келгеннің бәрін істеді. Елдоста артқа шегініп, құлай салу жоқ. Оның күреске деген құштарлығын Токио көрсетті. Елдосқа ешқандай реніш жоқ», - деді бас бапкер.

ФОТО: Жеңіс Ысқабай, Қазақстан ҰОК

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер