Басқа

Қытайда өтуі тиіс спорттық құзға өрмелеуден әлем кубогының кезеңдері кейінге шегерілді

Қытайда өтуі тиіс спорттық құзға өрмелеуден әлем кубогының кезеңдері кейінге шегерілді
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық спорттық құзға өрмелеу федерациясы (IFSC) әлем кубогының қазан айында Қытайда өтуі тиіс 2 кезеңі COVID-19 пандемиясына байланысты кейінге қалдырылды.

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, Сямынде IFSC әлем кубогы 15-17 қазан күндері өтуі тиіс болатын. Ал Вуцзяндағы боулдеринг пен жылдамдыққа IFSC әлем кубогы наурызда 22-24 қазанға ауыстырылған болатын. Боулдерингтен әлем кубогының қорытынды кезеңі 1-3 қазан күндері Оңтүстік Корея астанасы Сеул қаласында өтеді. Бұл кезең де мамырда өтуі тиіс болатын. Алайда пандемияға байланысты кейінге шегеріліп отыр. Таяуда IFSC Сеул кезеңі жоспарға сай өтетіндігін нақтылаған болатын.

Айта кетерлігі, спорттық құзға өрмелеу алғаш рет Токио-2020 Олимпиадасы бағдарламасына енгізіліп, ерлер мен әйелдер жарыс жолына шыққан болатын.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер