ММА

Қазақстан ММА бойынша жастар арасындағы Еуропа чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан ММА бойынша жастар арасындағы Еуропа чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан Қазанда өткен жасөспірімдер арасындағы ММА бойынша Еуропа чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Рrosports.kz.

52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда Ерсұлтан Шәкенбай ресейлік Иван Веретенниковты айқын басымдықпен жеңді.

Ал 77 келіге дейінгі салмақта Қазақстанның екі өкілі Данил Губин мен Досжан Кенбаев финалда кездесті. Төрешілердің шешімі бойынша алтын медаль Губинге бұйырды.

Бұл ретте Үкілай Ахметуәлиқызы (56 келіге дейін), Абай Джалал (61 келіге дейін) мен Дәулет Молдаш (120 келіден жоғары) финалға шығып, күміс медальмен шектелді.

Турнир нәтижесінде Қазақстан турнир қожайындары – ресейліктерден ғана ұтылып, медальдар саны бойынша екінші орынды иеленді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер