Күрес

Раимова жастар арасындағы әлем чемпионында топ жарды

Раимова жастар арасындағы әлем чемпионында топ жарды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық балуан Ресейдің Уфа қаласында өтіп жатқан жастар арасында әлем чемпионатында топ жарды, деп жазады Prosports.kz.

Қыздар күресінен 57 келіде сынға түскен Нилуфар Раимова финалда италиялық Аурора Руссоны 8:6 есебімен жеңді.

Отандасымыз жартылай финалда Эльвира Камалоглуын жеңді, ширек финалда белорусиялық балуанды ұтты. Ал алғашқы айналымда Ресей спортшысынан басым түсті.

Осылайша, Раимова араға 13 жыл салып жастар арасындағы әлем чемпионатында әйелдер күресінен алтын алғаш Қазақстан қоржынына алтын медаль салды. Бұған дейін 2008 жылы Стамбулда Елеонора Абуталипова жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер