Жастар арасындағы әлем чемпионаты: Раимова жартылай финалға шықты
Ресейдің Уфа қаласында жастар арасында әлем чемпионаты жалғасып жатыр.
Бүгінде әйелдер күресі бойынша жас балуандар өзара мықтыны анықтауда. Қазақстан сапынан 57 келіде сынға түскен Нилуфар Раимова жартылай финалға жолдама алды. Ол ширек финалда белорусиялық балуанды ұтты. Ал алғашқы айналымда Ресей спортшысынан басым түсті.
Сонымен қатар, 76 келіде Дильназ Мулкинова мен 59 келіде бақ сынаған Мадина Аман әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін белдеседі.

Жастар арасында ел біріншілігіне қатысқан бес бұрымды балуан жарысты сәтсіз аяқтады. Атап айтқанда, Аяжан Марқашева (50 келі), Зейнеп Баянова (53 келі), Сандуғаш Дүйсенғалиева (55 келі), Жангүл Болд (62 келі) және Анастасия Панасович (68 келі) жарыстан шығып қалды. Ал қос балуан, Аяжан Тоқташ (65 келі) пен Александра Зайцева (72 келі) қарсыластарының нәтижесін күтеді.