Қазақстандық балуан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі

Қазақстандық балуан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі

Қазақстандық балуан Асылжан Есенгелді Тюменьде өтіп жатқан еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі белдесуде Асылжан Үндістан өкілі Шубхам Шубхамды 14:12 есебімен жеңді, енді қола медаль үшін әзірбайжандық Нураддин Новрузовпен белдеседі.

Тағы бір қазақстандық балуан Юнус Гафуров (97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде) венгриялық Милан Андраш Корчогпен  кездесуінде 4: 6 есебімен жеңіліп, қола медаль үшін күрестен шығып қалды.

Фото resbash.ru

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или