Теннис

Рыбакина Монреальдағы турнирдің ширек финалына шықты

Рыбакина Монреальдағы турнирдің ширек финалына шықты
news-banner7
mobile-news-top

Елена Рыбакина ресейлік Вероника Кудерметовамен жұптасып Монреалда өтіп жатқан WTA 100 National Bank Open турнирінің жұптық ойынында ширек финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/8 финалда қазақстандық-ресейлік дуэт чехиялық Каролина Мухова мен Каролина Плишкованы екі сетте жеңді - 6:2, 6:4.

Матч тура 1 сағатқа созылды..

Жартылай финалға шығу үшін Рыбакина мен Кудерметова норвегиялық Улрике Эйкери және америкалық Кэтрин Харрисонмен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер