Басқа

Софья Берульцева: Алтынға сәл жетпеді

Софья Берульцева: Алтынға сәл жетпеді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық каратэші Софья Берульцева Токио Олимпиадасының қола жүлдені ұтып алды. Ол топтық кезеңнен сәтті шығып, жартылай финалға жеткен. Алайда финалға бір қадам жерде артынша чемпион атанған мысырлық Ферьял Абделазизге есе жіберді.

Жарыстан соң Софья Берульцева Prosports.kz сайтына берген сұхбатында әсерімен бөлісіп, жүлдесін кімге арнайтынын айтты:

- Барымды салдым. Кішкене жетпей қалды. Финалға шыға алмағаным үшін көңілім түсті. Бірақ барынша тырыстым. Қола медаль енді, осы бұйырғаны болды.

- Біріккен салмақта бақ сынадыңыз. Сіздің салмағыңыздан кімдер болды?

- Өзімнің салмағымнан жартылай финалға мен ғана шықтым. Қалған үш қыз ұтылып қалды. Басқа салмақтағылармен бұған дейін кездесіп көрмедім. Қалай айтсам, жартылай финалда тактикалық [қате] болды. Бір тактиканы алдым. Бірақ бір-екі соққы алып, тапырақтап қалдым. Дегенмен айқас жақсы болды.

- Жартылай финалдағы төрелік жайлы не айтасыз?

- Бәрі әділ болды. Не болса да, нәтиже осы. Артық анау-мынау деп айтудың керегі жоқ. Нәтиже осы. Болды.

- Жолдаманы соңғы сәтте алдыңыз. Рейтинг бойынша да, жарыстардан да ала алмадың. Бірақ жолдаманы жеңіп алғандардан озып кеттің.

- Білмеймін, соңғы сәтте алғаным өзіме жақсы болды. Өйткені көбісі рейтингтен алып, екі-үш жарысқа бармай қалды. Сосын жарысты сезіне алмады. Біз соңына дейін жарыстарға қатыстық. Соңғы сәтте жолдама алғаным жақсы болды. Жаттығу жиынын өткізбедік. Өзімізді бабымызда ұстадық.

- Жанкүйерлер сізді жүлде алады деп ойламады...

- Білмеймін, күтті ме, күтпеді ме. Әйтеуір, нәтиже бар. Қолдау көрсеткендер рахмет.

- Жүлде алғанда көзіңізге жас келді. Бұл алтын алмадым деген өкініштің әлде жүлде алдым деген қуаныштың көз жасы ма?

- Алтынға сәл жетпей қалды. Өкініштен ғой бәрі. Қолаға қуаныштымын, әрине. Бірақ финалға шығуға болар еді.

- Келесі Олимпиадаға карате ілінбейді. Алдағы жоспарыңыз қандай?

- Мүмкін енеді, мүмкін енбейді. Білмейміз, бәріміз тілеуін тілейміз. Барынша келесі Олимпиадаға баруға тырысамыз. Дегенмен тоқтауға болмайды. Алдымызда әлем және Азия чемпионаты бар. Кішігірім демалыс алып, жарақаттарымды емдеп, жарыстарға дайындаламыз.

Жүлдемді Жасталап ағаға (Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болған Жасталап Санауов өткен жылдың соңында қайтыс болды - авт.) арнаймын (көзіне жас алып). Ол кісінің өмірден өткені қатты әсер етті. Олимпиадаға баруымыз үшін барын салған еді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер