Күрес

Дәулет Ниязбеков жұбаныш жекпе-жегінде жеңіске жетті

Дәулет Ниязбеков жұбаныш жекпе-жегінде жеңіске жетті
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық балуан Дәулет Ниязбеков Токио Олимпиадасының жұбаныш жекпе-жегінде алғашқы қарсыласын жеңіп, қола медаль үшін белдесуге мүмкіндік алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

65 келіге дейінгі салмақта Ниязбеков қола медаль үшін тартысқа түскен. Жүлдеге таласу үшін ол сенегалдық Адама Диаттемен кездесіп, 10:0 есебімен жеңіске жетті.

Енді ол қола медальді үндістандық Баджранг Пуниямен сарапқа салады.

Қазақстандық балуан кеше ширек финалда әлемнің үш дүркін чемпионы, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері әзербайжандық Хаджи Алиевтен жеңіліп қалған еді. Алайда Алиев финалға шығып, Ниязбеков қола медальға таласуға мүмкіндік алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер