Бокстан Қазақстан
Қазақстан қай кезден бокста әлем елдерінің көшін бастап жүрген. Тәуелсіздік алғаннан бастап былғары қолғап шеберлеріміз Олимпиадада алтынынсыз қалмаған. Алайда биыл 25 жылға созылған дәстүр үзілді.
Атланта
Тәуелсіз Қазақстанның спортшылары қатысқан алғашқы Олимпиада - 1996 жылы Атлантада өткен. Бас бапкер Әбдісалан Нұрмаханов бастап барған қазақ құрамасы 4 салмақта жүлде алды. Болат Ниязымбетов пен Ермахан Ибрайымов жүлдегерлер тұғырынан көрінсе, Болат Жұмаділов финалға дейін жетті. Ел қоржынына жалғыз алтынды Василий Жиров салды. Ол шебер жұдырықтасқаны үшін Вэл Баркер Кубогын да алған.
Сидней
Аустралияда өткен Олимпиадада Қазақстан боксшылары тарихтағы ең үлкен нәтижені көрсетті. Тұрсынғали Еділов баптаған боксшыларымыз екі бірдей алтынды мойнына тақты. Бекзат Саттарханов пен Ермахан Ибрайымов Олимпиада чемпионы атанса, Болат Жұмаділов пен Мұхтархан Ділдәбеков күміс жүлдені иемденді.
Афина
Олимпиада отанында өткен байрақты бәсекеге Қазақстан құрамасын Ермахан Ибрайымов дайындады. Бұл жолы қазақ боксшылары үш жүлдені қанағат тұтты. Бахтияр Артаев жалғыз алтынды қоржынға түсірді. Ал Геннадий Головкин күміс, Серік Елеуов қоланы алды.
Бейжің
Дамир Буданбеков баптаған Қазақстан құрамасы Қытайда өткен Олимпиадада тек медаль алды. Бақыт Сәрсекбаев қарсылас шақ келтірмей, алтын жүлдені иемденді. Ал Еркебұлан Шыналиев қола медальді қанағат тұтты.
Лондон
Алдағы екі Олимпиадаға Қазақстан құрамасы Мырзағали Айтжанов дайындады. Лондонда қазақ боксшылары үш жүлде алды. Серік Сәпиев чемпион атанып, Әділбек Ниязымбетов пен Иван Дычко жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Рио-де-Жанейро
Төрт жылдан соң Бразилияда төрінде боксшыларымыз төрт медаль иемденді. Данияр Елеусінов алтын алса, Василий Левит пен Әділбек Ниязымбетов күміс жүлдені иемденді. Иван Дычко да қола медальмен жүлдегерлер тұғырына көтерілді.
Токио
Жапонияда жерінде Ғалымбек Кенжебаев бастаған Қазақстан құрамасы ел тарихындағы ең нашар көрсеткішке ие болды. Алтын да, күміс те қоржынға түспеді. Жартылай финалға шыққан екі боксшымыз - Сәкен Бибосынов пен Қамшыбек Қоңқабаев қола жүлдені қанағат тұтты.