Еркін күрес

Данияр Қайсанов «қола» үшін өзбек балуанымен белдеседі. Тікелей трансляция

Данияр Қайсанов «қола» үшін өзбек балуанымен белдеседі. Тікелей трансляция
news-banner7
mobile-news-top

Еркін күрес балуанымыз Данияр Қайсановтың Токио Олимпиадасының қола жүлдесі үшін өтетін кездесудегі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

74 келіге дейінгі салмақта сынға түскен жерлесіміз Азияның екі дүркін чемпионы Бекзод Абдурахмоновпен кездеседі. Ол жұбаныш белдесуінде Гвинея-Бисау өкілі Августо Миданды 10:0 есебімен жеңген.

Қайсанов - Абдурахмонов кездесуі бүгін сағат 16.30-да өтеді. Тікелей трансляцияны мына СІЛТЕМЕ арқылы тамашалауға болады.

Еске салайық, Қайсанов кеше жапондық Кейсуке Отогуроны, мысырлық Реза Рамадан Хусейнді жеңді (8:5). Бірақ жартылай финалда ресейлік Заурбек Сидақовтан 0:11 есебімен ұтылды.

Сурет: Сали Сабиров, olympic.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер