Әлішер Ерғали Олимпиаданың ширек финалына шықты
Қазақстандық еркін күрес балуаны Әлішер Ерғали (97 келіге дейін) Олимпиаданың ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жерлесіміз алжирлік Мохаммед Фарджмен кездесуі керек еді. Қарсыластың келмеуіне байланысты Әлішер келесі кезеңге жолдама алды. Оның ширек финалдағы қарсыласы кейін анықталады.
Бүгін таңертең Валевтина Исламова (50 келі) эквадорлық Люсия Йепеске қарсы кездесуде жеңіліс тапса, Дәулет Ниязбеков (65 келі) кубалық Алехандро Вальдесті ұтты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или