Әлем футболы

Ресми: Лионель Месси «Барселонадан» кетті

Ресми: Лионель Месси «Барселонадан» кетті
news-banner7
mobile-news-top

«Барселона» капитаны Лионель Месси каталониялық клубтан кетті. Бұл туралы клубтың ресми сайты мәлім етті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клуб сайтының ақпаратына сүйенсек, екі тарап келісімшартты ұзарту туралы келісімге келсе де, Месси командада қалмайтынын айтқан. Экономикалық ереже мен Примера шектеулеріне байланысты жаңа келісімшарт жасалмаған.

Месси мен «Барселона» арасындағы келісімшарт биыл маусымда аяқталған болатын.

Аргентиналық футболшы карьерасында тек каталониялықтар сапында ойнаған. Өткен маусымда Испания Примерасында 35 матч өткізіп, 30 гол мен тоғыз нәтижелі пастың авторы атанған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер