Дархан Асәділов: Алтын болмаса да, елім «қоланы» қабыл алса екен

Дархан Асәділов: Алтын болмаса да, елім «қоланы» қабыл алса екен

Қазақстандық каратеші Дархан Асәділов Токио Олимпиадасында қола жүлде алып, ел қоржынын тағы бір медальмен толықтырды. 

– Қоланы қанағат тұтпаймыз. Өйткені елге алтын керек еді. Соны алу үшін жұмыс жасадық. Бірақ кішкене жетпеді. Сол үшін бәрінен кешірім сұраймын.

Тобыңда бәрін сенімді жеңдің. Жартылай финалда не болды?

– Бұған дейін француз спортшысымен кездеспедім. Ол жоғары салмақтан ауысып келген. Мен 60 келіден ауыстым, ол 72 келіден төмен түсті. Жоғары салмақтағы спортшылардың бойы да, аяғы да ұзын. 

– Тактикадан қателестіңіз бе?

– Француз спортшысы тактикасын өзгертті. Ол біз ойлағандай төбелескен жоқ.

– Жоспарыңыз қандай?

– Үйге қайтқан соң демаламын. Жарақаттарымды емдеймін. Биыл жарыстар көп. Азия мен әлем чемпионаты бар. Әзірге мансабымды аяқтау туралы ой жоқ. Бірақ мықты жастар келсе орнымды беруге дайынмын.

Олимпиадаға 100% дайын боп келдім. Жарақатыма қарамастан тыңғылықты дайындылық.

– Жүлдеңізді кімге арнайсыз?

– Әрине, еліме, отбасыма. 

– Марапаттау рәсімінде көз жасына ерік бердіңіз. Бұл жүлде алдым деген қуаныштың көз жасы ма әлде, әттең, алтын алмадым деген өкініштен бе?

– Алтын ала алмағаным үшін күйінгеннен. Алтын болмаса да елім қоланы қабыл алса екен. 

Каратеден Олимпиадада жүлде алып, атыңызды тарихта алтын әріппен жазып қалдырғаныңыз анық. Артыңыздан еріп келе жатқан ізбасарларыңызға қандай тілегіңіз бар?

– Өмірде ел үшін бәрін беру керек. Бәрінің мақсаты сол болу керек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или