Еркін күрес

Токио-2020. Нұрислам Санаев финал жолдамасы үшін кіммен күреседі? Тікелей трансляция

Токио-2020. Нұрислам Санаев финал жолдамасы үшін кіммен күреседі? Тікелей трансляция
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін қазақстандық еркін күрес балуаны Нұрислам Санаев 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Олимпиада финалына шығу үшін күреседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Санаевтың жартылай финалдағы қарсыласы үнді спортшысы Рави Кумар болмақ. Белдесудің басталуы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 15:15-те. Тікелей эфирді Qazaqstan телеарнасы ұйымдастырады.

Еске салайық, турнирдің бірінші жекпе-жегінде Нұрислам Гвинея-Бисау балуаны Диамантино Юна Фафадан басым түссе, ширек финалда жапон Юки Такахасиді ұтты.

Фото: Жеңіс Ысқабай, olympic.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер