Бокс

Айтжанов: Не үшін келдің? Керек жерде төбелес, ұр, жұлып ал

Айтжанов: Не үшін келдің? Керек жерде төбелес, ұр, жұлып ал
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосыновтың жеке бапкері Мырзағали Айтжанов Prosports.kz сайтына испаниялық Габриэль Эскобар Маскунаноға қарсы жекпе-жек туралы пікірін білдірді.

- Олимпиададағы әрбір жеңіс - қандай қиын болмасын жеңіс. Мұнымен қанағат тұтып қалмау керек. Алдыға жылжу керек. Бүгін кем-кетік жерлер, қателіктер болды. Бірінші раундтан соң сәл босаңсып, екінші раундта қолын түсіріп, аяқпен қимылдамады. Енді мұндай қателік жібермейді деп сенеміз. Жартылай финалдағы қарсыласына тыңғылықты дайындаймыз.

- Екінші раундта көп қателесті...

- Рингті сезіну керек. Боксшылар мықты не әлсіз болсын, шаршы алаңда бәрі бірдей. Барлық боксшы бар күш-жігерін салады. Жеңілгенде "бұлай жұдырықтасқанда ғой" деп айтамыз. Бірақ қарсыласы оған мүмкіндік бермейді. Мықты спортшылардың өзі қателік жібереді.

- Сәкен екінші раундтан соң бапкерім намысымды оятты деген еді. Не дедіңіз?

- Не дейміз? Не үшін келдің деп сұрадым. Екінші раундта тең түстің, үшінші раунд шешуші кезең. Керек болса "қазақша" төбелес, ара-қашықты ұстап, аяқты қимылдат дедім. Керек жерде төбелес, ұр дедік, жұлып ал дедік.

Фото: Владислав Семенов, Қазақстан ҰОК

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер