«ӘЧ жүлдегері сынға түседі». 2 тамызда кімдер жарыс жолына шығады?
Токиодағы Олимпиада ойындарының оныншы күнінде қазақстандықтар алты спорт түрінен жарысқа шығады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ертең байдарка мен каноэде есу, жеңіл атлетика, нысана көздеу, грек-рим күресі, әртістік жүзу және су добында қазақстандық спортшылар ел намысын қорғайды. Бұл күні әлем чемпионатының жүлдегері Демеу Жадыраев сынға түседі.
2 тамыздағы сайыстар кестесі
Байдарка мен каноэде есу
Бірінші кезең
6:58. Әйелдер. Байдарка-жекелей. 200 м
Наталья Сергеева
7:05. Ерлер. Каноэ-жұптық, 1000 м
Тимофей Емельянов, Сергей Емельянов
Жеңіл атлетика
7:30. Бірінші кезең. 200 м. Әйелдер.
Ольга Сафронова
Нысана көздеу
8:30. 50 м, үш позицияда винтовка. Ерлер. Іріктеу.
Юрий Юрков
Грек-рим күресі
8:30. 1/8 финал. Ерлер. 77 кг дейін
Демеу Жадыраев – Сехэи Ябибу (Жапония)
Әртістік жүзу
16:30. Бастапқы еркін бағдарлама
Александра Немич, Екатерина Немич
Су добы
Ерлер. Топтық кезең
16:50. Қазақстан – Аустралия
* Нұр-Сұлтан уақытымен
Фото: ҰОК