Нұрлан Ақұрпеков: Әбілханның жеңілісі үшін халықтан бас иіп кешірім сұраймыз

Нұрлан Ақұрпеков: Әбілханның жеңілісі үшін халықтан бас иіп кешірім сұраймыз

Қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұлдың жеке бапкері бразилиялық қарсы жекпе-жек туралы пікір білдірді.

- Ақталғым келіп тұрған жоқ. Жанкүйерлердің алдында кешірім сұраймын. Олимпиадада оңай емес. Тек тактика мен шеберлік емес, психологиялық тұрғыда үлкен күрес болады. Сол себептен біраз психологиялық қиындық болды. 

Бір жағынан, оң иығына операция жасаған. Кешегі ауыр жекпе-жекте сол қолын жарақаттап алды. Бүгінгі айқасқа дәрі-дәрмектің көмегімен шықты. Екі қолымен де жұмыс істей алмады. Дегенмен қолынан келгеннің бәрін жасады. 

Қарсыласы оңай емес, мықты боксшы. Мінезбен, жаттығуларының арқасында жеңіске жете ме деп ойлаған едік. Бірақ қарсыласының шеберлігі сондай, жеткізбеді. 

- Алғашқы екі раундта жақсы жұдырықтасқан еді...

- Әттеген-ай болды. Жанкүйерлерден бас иіп кешірім сұраймын. Айып етпеңіздер. Сенімдердіңізді ақтай алмадық. 

- Жарақаты қалай?

- Оң иығына қайта операция жасау керек. Дәрігерлер барынша ертерек жасату керегін айтқан. Өйткені сыңыры етке кіріп кеткен. Соны ашып, ауыр операция жасау қажет. Ал одан кейін бір жарым жылдай тынығу керек. Біз Олимпиада алдымызда тұрғандықтан шаршы алаңға шықтық.

- Кәсіпқой боксқа түбегейлі ауысатын ойы бар ма?

- Токиоға келмей тұрып жаттығуда иығын шығарып алды. Соның себебін анықтау керек. Кәсіпқой боксқа бірден ауысып кетсе бұл жарақаты қайта-қайта шыға береді. 

- Күзде өтетін ел чемпионатына қатыса ма?

- Қазақстан чемпионатына қатыспайды. Жарақатынан бір жылдай емделеді. Егер нәтиже керек болса, демалу керек. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или