Дзюдо

Карантин шарасын бұзған екі спортшы Олимпиададан шеттетілді

Карантин шарасын бұзған екі спортшы Олимпиададан шеттетілді
news-banner7
mobile-news-top

Грузияның екі дзюдошысы Олимпиада ойындарында COVID-шектеулерін бұзғаны үшін Токиодан кетті. Бұл туралы ұйымдастырушылар хабарлады.

Спортшылар Олимпиада қалашығының сыртына шығып, қаланы аралаған. Токио мұнарасының жанында жергілікті тұрғындармен фотоға түскен. Коронавирусқа байланысты шектеу шараларын бұзған спортшылар аккредитациясынан айырылып, еліне қайтарылды.

Екі спортшының біреуі — Олимпиаданың күміс жүлдегері Важа Маргвелашвили. Ұйымдастырушы комитеттің өкілі Масанори Такая «сұмдық жағдай» болғанын айтып, спортшылар енді Олимпиадаға қатыспайтынын мәлімдеді.

Олимпиада ережесіне сәйкес, спортшылар жатын орнына тек жарысқа не жаттығуға бара алады. Қалаға шығуға, ескертусіз жүруге болмайды. Ережені бұзғандарға ескерту жасалады, болмаса бірден аккредитациядан айырады.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер