Сәкен Бибосынов: Бапкерімнің барлық нұсқаулығын орындадым

Сәкен Бибосынов: Бапкерімнің барлық нұсқаулығын орындадым

52 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының ширек финалына шықты. Ол 1/8 финалда француз Билал Беннаманы 5:0 есебімен жеңді. 

- Жекпе-жек оңай болған жоқ. Қарсылам өте мықты боксшы. Бұған дейін екеуіміз екі мәрте рингте кездескенбіз. Есебіміз - 1:1. Кейінгі жарыста мен оған жол берген едім. Сондықтан осы жолы кеткен есемді қайтаруға шықтым. Жеке бапкерімнің жоспарым дұрыс орындап жеңіске жеттім. Елді ары қарай қуанту үшін бар күш-жігерімізді саламын.

Жеке бапкеріммен қарсыласымды жітті зерттедік. Ол жалғыз соққы көп жасайды, сондықтан қарымта соққылар жасау керек болды. Жақын қашықтықта тұрмау, жылдам жұдырықтасу деген жоспар қойылды. Соны орындап шықты. 

Олимпиадада бәрі бар күш-жігерін салып жатыр. Сондықтан оңай болып жатқан жоқ. Соңғы раундта шаршадым, бірақ артымда 18 миллион қазақ халқы сенім артып отырғандықтан бар-күш жігерімді салдым.

Келесі қарсыласым Эскобардың жекпе-жектерін көріп жүрмін. Бірақ шаршы алаңда кездескен жоқпыз. Жеке бапкеріммен жоспар құрып, жеңіске жетіп, елімді қуантамыз, - деді боксшы.

Фото: Тұрар Қазанғапов, olympic.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или