Грек-рим күресінен қазақстандық балуандардың алғашқы қарсыластары белгілі болды

Грек-рим күресінен қазақстандық балуандардың алғашқы қарсыластары белгілі болды

Ертең, 1 тамыз күні Олимпиада ойындарында күрес түрлерінен бәсекелер басталады. Жарыстың алғашқы күнінде Токио бозкілеміне грек-рим мен әйелдер күресінің шеберлері шығады, деп жазады Prosports.kz ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық балуандардың алғашқы қарсыластары анықталды.

Алғашқы жарыс күні 60 келіде ел сапынан Мейрамбек Айнағұлов (грек-рим күресі) пен 76 келіде Эльмира Сыздықова (әйелдер күресі) күреседі.<br /><br />Мейрамбек Айнағұлов пен Эльмира Сыздықованың алғашқы белдесуi Қырғызстан балуандарына қарсы өтеді. Мейрамбек тәжірибелі Жоламан Шаршенбековпен кездессе, Эльмира Айперi Медетқызымен кiм мықтыны анықтайды.

Жарыстар Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 08:00-де басталады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или