Басқа

«Рыбакина тарихи медаль алуы мүмкін». 31 шілдеде кімдер жарыс жолына шығады?

«Рыбакина тарихи медаль алуы мүмкін». 31 шілдеде кімдер жарыс жолына шығады?
news-banner7
mobile-news-top

Ертең қазақстандықтар спортшылар Токио Олимпиадасында төрт түрлі жарыста бақ сынасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

31 шілдеде теннисші Елена Рыбакина Қазақстан спортының тарихына енуі мүмкін. Ол ертең Олимпиаданың теннис турнирінде қола медаль үшін матч өткізеді. Бұған дейін қазақстандық теннисшілер Олимпиададан жүлдемен оралмаған.

Сонымен қатар, боксшылар Сәкен Бибосынов пен Зәкір Сафиуллин 1/8 финалда жекпе-жекке шығады.

31 шілдедегі сайыстар кестесі:

Су добы. Ерлер. Топтық кезең
7:00. Қазақстан - Черногория

Садақ ату. Ерлер, жекелей сын. 1/8 финал
7:35. Ильфат Абдуллин - Ли Цзялунь (Қытай)

Теннис. Әйелдер, жекелей сын. Қола медаль үшін матч
13:30. Елена Рыбакина - Элина Свитолина (Украина)

Бокс. Ерлер, 1/8 финал
14:48. 52 келі. Сәкен Бибосынов - Билал Беннам (Франция)
15:36. 63 келі. Зәкір Сафиуллин - Дайсуке Нариматсу (Жапония).

Нұр-Сұлтан уақытымен

Фото: Тұрар Қазанғапов, olympic.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер