Жеңіл атлетика

Ольга Рыпакова: Париж туралы айтуға әлі ерте. Бармаймын деп ойлаймын

Ольга Рыпакова: Париж туралы айтуға әлі ерте. Бармаймын деп ойлаймын
news-banner7
mobile-news-top

Олимпиаданың үш дүркін жүлдегері Ольга Рыпакова Токио Олимпиадасында жүлдесіз қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үш қарғып секіруден 36 жастағы Рыпакова 13,69 метрге секірді, бірақ бұл финалға шығу үшін жеткіліксіз болды.

Жарыстан соң Ольга Рыпакова Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында мансабын аяқтау туралы және спорттан кейінгі жоспарын айтты.

– Бүгінгі жарысты бағалау қиын. Төртінші Олимпиадам - салыстыратындайы бар. Шынына келсем, бір түрлі сезімде болдым. Әдетте стадионның атмосферасы ерекше күш-қуат беретін. Көрермен көп кезде шабытың ашылады. Бүгінгі нәтижем көрерменнің жоқтығынан демеймін.

Бүгін дәл қазір қолымнан келетіннің бәрін істедім. Не болғанын айта алмаймын. Кейін бапкеріммен сөйлескен соң, қайталап көрген соң шешім шығарармын. Бірдеңе жетпеді. Кейбір сәтте бұрынғы жарақаттарым әсерін тигізді.

Келесі Парижде өтетін Олимпиадаға барасыз ба?

– Париж туралы айтуға әлі ерте. Негізі, бармаймын деп ойлаймын. Қызым бой жетіп келеді. Әр нәрсе өз уақытымен. Қызым ақырындап кәсіби спортқа ауысып жатыр. Егер ол спортпен кәсіби түрде шұғылдануды қаласа, біз оған бәріміз көмектесеміз.

– Сіз төрт бірдей Олимпиадада бақ сынадыңыз. Ел спорты үшін жасаған еңбегіңіз ерен. Болашаққа қандай жоспарыңыз бар?

– Спорттан кеткен соң не істейтінімді әлі шешпедім. Спортқа қатысты ойларым бар. Мен спорттың төресі - жеңіл атлетикаға ғашықпын. Сол үшін Қазақстан жеңіл атлетикасының дамығанын алаймын. Бұл менің негізгі жоспарым. Жаңа өсіп келе жатқан буын Қазақстанды әлемдегі мықты спорт елдерінің қатарына қосатындай еңбек еткен келеді.

Тағы бір маусым өнер көрсетесіз бе?

– Қазір бір түрлі сезімде тұрмын. Стадионнан "Болды, ештеңе істегім келмейді" деген оймен шыққан едім. Уақыт өтсін. Мүмкін ойым өзгерер.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер