Биыл жүлдесіз. Ольга Рыпакова Олимпиада финалына шыға алмады

Биыл жүлдесіз. Ольга Рыпакова Олимпиада финалына шыға алмады

Олимпиаданың үш дүркін жүлдегері Ольга Рыпакова Токио Олимпиадасында жүлдесіз қалды, деп хабарлайды Prosports.kz

Бүгін үш қарғып секіруден іріктеу жарысы болды. Оған Қазақстаннан үш жеңілатлет қатысты - Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова, сондай-ақ, Мария Овчинникова мен Ирина Эктова қатысты. 

Өкінішке қарай, үш спортшы да іріктеуден өте алмады. 36 жастағы Рыпакова 13,69 метрге секірді, бірақ бұл финалға шығу үшін жеткіліксіз болды. 

34 жастағы Овчинникова 13.34 метрге секірді. 22 жастағы Эктованың көрсеткіші 12,90 метр болды. Финалға үздік 12 спортшы өтті. 

Фото: Владислав Семенов, olympic.kz. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или