Баландин Олимпиада финалына шыға алмады
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық жүзуші Дмитрий Баландин 2020 жылы Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарынданың жартылай финалында 200 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Баландин қашықтықты 2:09.22 минутта жүзіп өтіп, өз сегіздігінде жетінші орын алды. Финал 29 шілдеге жоспарланған.
Еске салайық, Рио-де-Жанейродағы өткен 2016 жылғы Олимпиадада Дмитрий Баландин 200 метрге брасс әдісімен жүзуде алтын медаль жеңіп алып, Олимпиада ойындарында жүзуден топ жарған алғашқы қазақстандық болды.
Токио-2020. 28 шілде күні жарыс жолына кімдер шығады
Қазақ боксы үшін сәтсіз күн. Токиодағы бесінші жарыс күнінің қорытындысы
фото: Сали Сабиров