Кукушкин: Бүгін маған қарағанда қарсыласым жақсы ойнады

Кукушкин: Бүгін маған қарағанда қарсыласым жақсы ойнады

Теннистен Қазақстан командасының мүшесі Михаил Кукушкин Токио Олимпиадасының үшінші кезеңіне шыға алған жоқ. Ол Беларусь өкілі Илья Ивашкодан ұтылды.

Olympic.kz сайтына сұхбат берген Кукушкин бүгінгі жеңілісінің себебін түсіндірді.

«Өкінішке қарай, жеңіліп қалдым. Қарсыласым өте жақсы ойнады. Өкінішке қарай, өзім көп күткен олимпиадалық турнирді осылай аяқтап отырмын. Токио төріндегі додаға ұзақ дайындалып, жақсы нәтиже көрсетемін деп үміттенгенмін.

Мен көрсеткішім басқа болады деп ойладым, мүмкін, тағдыр шығар. Жеңілуімнің басты себебін қарсыласымның менен мықты ойнағаны деп айтар ем. Ол маған қарағанда жақсы ойын көрсетті», - дейді Михаил. 

ФОТО: Жеңіс Ысқабай, Қазақстан ҰОК

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или