Олимпиадада жүлде алған Елдос Сметовке жаңа көліктің сыйға тартылды

Олимпиадада жүлде алған Елдос Сметовке жаңа көліктің сыйға тартылды

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Елдос Сметов елге оралды. Оны әуежайдан жақындары мен жанкүйерлері ыстық ықыласпен қарсы алып, дзюдошыға су жаңа теміртұлпарды сыйға тартты.

Елдос Сметовты күтіп алу салтанатына қазақ эстрадасының әншілері, айтыскер ақындар және Олимпиада жүлдегерінің алғашқы жаттықтырушысы да келді. Шәкіртінің жетістігіне шаттанған жаттықтырушы қуаныштан көзіне жас алды.

«Міне, нағыз чемпион. Менің алғашқы жаттықтырушым. Кішкентай кезімнен мені өз баласындай көріп, алақанына салып өсірген менің бапкерім», - деді Елдос Сметов.

Ел мерейін асқақтатқан спортшыны күтіп алу салтанатында шашу шашылып, оған жаңа автокөлік сыйға тартылды.

«Олимпиада өте керемет өтті. Залдың бос болғаны біз үшін ыңғайысыз болды. Ең қиын болған белдесу ол – ақтық сайысқа жолдама берілетін финалдық белдесу. Осылай бұйырып тұр екен. Осының өзіне қуаныштымын. Менің елім, жерім, халқым үшінші орынды бірінші орын ретінде қабылдап, мені Олимпиада чемпионы ретінде күтіп алды», - деді екі дүркін Олимпиада жүлдегері.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или