Олимпиада-2020: Сегіз боксшымыз қатарда

Олимпиада-2020: Сегіз боксшымыз қатарда

Токио Олимпиадасында бокстан алғашқы айналым аяқталды. Қазақстан боксшылары толық құраммен келесі кезеңге өтті. 

Алғашқы жарыс күндері шаршы алаңға Қазақстанның үш боксшы шығып, бәрі жеңіске жетті. Қазір Қазақстанның сегіз былғары қолғап шебері қатарда тұр. 

Олимпиада алтынына басты үміткер саналатын Ресей, Өзбекстан және Куба құрмаларында 7 боксшыдан жүлдеге таласады. Ұлыбританияның алты боксшысы қатарда. 

Әр елдің 1/8 финалға қатысатын боксшылар саны: 

Қазақстан – 8 боксшы;

Куба, Ресей, Өзбекстан – 7;

Ұлыбритания – 6;

АҚШ пен Алжир – 5;

Жапония мен Бразилия – 4;

Әзірбайжан, Беларусь, Гана, Доминикан Республикасы, Замбия, Испания, Колумбия, Қытай, Франция – 3;

Аргентина, Армения, Аустралия, Иордания, Ирландия, Камерун, Маврикий, Мысыр, Тәжікстан, Украина, Үндістан, Эквадор, Филиппины – 2;

Болгария, Вьетнам, Гаити, Германия, Грузия, Жаңа Зеландия, Иран, Кабо-Верде, Кения, Конго ДР, Марокко, Мексика, Моңғолия, Намибия, Перу, Самоа, Словакия, Таиланд, Түркия, Уганда, Хорватия, Ямайка – 1.

Бүгін шаршы алаңға екі бірдей боксшымыз шығады. 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Абылайхан Жүсіпов америкалық Деланте Джонсонға қарсы жұдырықтасса, 91 келіде Василий Левит испаниялық Энмануэль Рейес Пламен қолғап түйістіреді.

Токиодан Prosports.kz тілшісі Айбар Рысдәулет

Фото: olympic.kz, Тұрар Қазанғапов

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или