Басқа

Олимпиада-2020: Медальдар кестесінде Қазақстан 40-орынға қарай ығысты

Олимпиада-2020: Медальдар кестесінде Қазақстан 40-орынға қарай ығысты
news-banner7
mobile-news-top

Жапония астанасы Токио қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында 26 шілдедегі медальдар есебі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, қазір Қазақстан құрамасының қоржынында үш қола медаль бар. Алғашқысын 24 шілдеде дзюдошы Елдос Сметов иемденсе, екіншісіне 25 шілдеде ауыр атлет Игорь Сон қол жеткізді. Тағы бір ауыр атлетіміз Зульфия Чиншанло 26 шілдеде тағы бір қола медаль жеңіп алды.

Осылайша үш қола медаль алған ел құрамасы жалпы командалық есепте 40-орынға табан тіреді. Германия құрамасының да қоржынында үш қола бар.

Қазірге дейін 51 мемлекеттен келген спортшылар медаль алып үлгерді.

Медаль алу жөнінен АҚШ көш басына шықты. Оның еншісінде 7 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль бар. Екінші орындағы Жапонияның еншісіне 7 алтын, 2 күміс, 3 қола бұйырған. Бұған дейін көш басында келе жатқан Қытай 6 алтын, 4 күміс, 7 қоламен үшінші орынға ығысты.



Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер