13 жастағы спортшы Олимпиада чемпионы атанды

Жапониялық скейтбордшы Момидзи Нисия Токио Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды, деп жазады Prosports.kz.
13 жастағы спортшы финалында 15,26 ұпай жинап, жеңімпаз атанды. Екінші орынды бразилиялық Раиса Леал (14,64 ұпай) алды. Ал үздік үштікті тағы бір жапон спортшысы Фуне Накаяме (14,49 ұпай) түйіндеді.
Скейтбординг Олимпиада ойындарына алғаш рет енгізіліп отыр. Токиода осы түрінен ерлер мен әйелдер арасында екі медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Айта кетейік, Токио Олимпиадасы 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или