Ауыр атлетика

Игорь Сон: Олимпиадада жүлде аламын деп ойламадым

Игорь Сон: Олимпиадада жүлде аламын деп ойламадым
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық ауыр атлет Игорь Сон Олимпиада ойындарында 61 келіге дейінгі салмақта қола жүлде алды. Жарыстан соң зілтемірші Prosports.kz тілшісіне әсерін бөлісті.

– Әрине, мен қола болады деп ойлаған жоқпын. Бірақ мұндай мүмкіндік туды, (зілтемірді - авт. еск.) көтеру қажет болды. Серпе көтерудегі мүмкіндіктер маңызды болды. Ойымды жинақтадым, қатты толқыдым, сөзбен жеткізе алмаймын.

Токиоға ұшпас бұрын үйде мұндай салмақ көтермедім. Бұл - менің жарыстардағы рекордым.

– Қола жүлде үшін таласта араб пен жапон спортшылары шыққанда қандай әсерде болдыңыз?

– Қарсыластарым зілтемір көтеріп жатқанда, жаттығу залында отырдым, теледидардан бақыладым. БАӘ-ден келген қарсыласым екінші рет шыққанда зілтемірді түсіріп алды, сол кезде толқи бастадым, себебі тағы бір мүмкіндігі қалған. Қарсыластан бәрін күтуге болады.

Жұлқа көтеруден соң ештеңе ойлаған жоқпын. Негізгі жарыстарда жұлқа көтеруге басымдық беремін, серпе көтеру – әлсіздеу. 156 салмаққа тапсырып беріп, бәрін көтеріп шықтым.

– Неге төрешілер екі рет санамады?

– Екеуінде екеуінде де шынтағымның қозғаланы кері әсер етті. Барлығы таза болуы керек.

– Болашақта Қытай спортшысымен бәсекелесуге бола ма?

– Әрине, болады. Мен бұл салмаққа енді ғана өттім. Әзірге салмаққа үйренісіп жатырмын. Физиология дамып жатыр.

Токиодан Prosports.kz тілшісі Айбар Рысдәулет

Фото: olympic.kz, Тұрар Қазанғапов

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер